Солтүстік Қазақстан облысында дауыс беру аяқталды
Сайлау комиссиясы берген мәлімет бойынша, дауыс беру науқанына аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттардың жалпы саны 179 депутаты қатысты.
Өңір бойынша жиналған халық қалаулылары, ең алдымен, бірлескен отырыс өткізіп, содан кейін өз таңдауын жасауға көшті. Жоғары палата мандатын алуға бастапқыда 5 адам тіркелсе, шешуші кезеңге екі-ақ үміткер шықты.
Біржан Қойшыбаев, Есіл ауданы мәслихатының депутаты:
- 2 кандидат та – білім саласының мамандары. Екеуін де өте жақсы білеміз. Сайлауалды бағдарламасымен әрбір ауданды аралып, біздің алыдмызға келіп өз бағдарламасын таныстырған болатын. Енді біз дауыс берген үміткеріміз алдағы уақытта біздің облыстың мәселелерін республикалық деңгейде көтеріп, сол мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосады деген үміттемін.