Алматы өңірінде дауыс беру аяқталды

Алматы облысында шешімін күткен экономикалық-әлеуметтік мәселелер жетерлік. Сенатқа өңірден сайланған тұлғаға зор жауапкершілік пен үміт артамыз, - дейді аймақ депутаттары.

Сайлауға 2 кандитат түсті. Олар облыстың ауыл-аймақтарын аралап, халықпен кездесіп, саяси бағдарламаларын таныстырған. Жалпы саяси науқанға өңірдің облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарының 185 депутаты қатысып, өз таңдауын жасады. 

Дәулет Жарасбаев, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы:

- Алматы облысында өзекті мәселелер көп. Бірінші – ол жер мәселесі, екінші – жұмыс орны, ауыл шаруашылықты көтеру. Осы орайда біздің депуттарымыз осы Алматы облысы мен Астанадығы мемлекет басшыларымен, бәрімен алтын көпір сияқты болады деп ойлаймыз.