Жетісулық депутаттар өз таңдауын жасады
Жетісу облысында да ҚР Парламентінің сенат депутатын сайлау аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Саяси науқанға қатысуға бастапқыда 7 үміткер өтініш берді. Солардың үшеуі құжаттарын толық өткізіп, тіркеуден өткенімен, біреуі додаға түсуден бас тартқан. Сөйтіп, облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттың 132 депутаты Амангелді Толамисов пен Ғабит Тұрсынбай арасында таңдау жасады. Сайлаушылардың екеуі барлығына қарсы екенін білдірсе, 1 бюллетень жарамсыз деп табылған.
Тимур Дәуітов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Сайлау комиссиясының қорытыныдысы бойынша Толамисовқа 100 таңдаушы дауыс берді. Ғабит Тұрсынбайға – 29 адам. Біздің таңдаушылар депутаттар дауыс берді. Қазіргі таңда біздің облыстық сайлау комиссиясы тиісті хаттама жасап, орталық сайлау комиссиясына жеткізеді.