Парламент Сенатының депутаттығына Шымкенттен 3 үміткер бақ сынады
Кандидаттың екеуі - ер, қалған біреуі – әйел адам. Дауыс беру учаскесіне жергілікті мәслихат депутаттары түгел келді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның 30-ы да өз таңдауын жасап үлгерді. Сайлау барысын комиссия өкілдерінен бөлек, журналистер мен кандидаттың сенім білдірген адамдары бақылады. Байқаушылар қатарында қоғамдық ұйым атынан қатысып отырғандар да бар. Сайлау комиссиясы дауыстарды санау нәтижесін алдағы уақытта жариялайтын болады.
Қайырбек Құнанбаев, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Бүгін мына диаграммадан, өздеріңіз көріп отырсыздар, барлық 30 таңдаушы келді және бәрі дауыс берді. Сайлаудың барлық жолы, заңдылықтары сақталды. Байқаушылар, сенімді өкілдер – барлығы қатысып отырды. Бәріне қарсымын деген графа қойылған. Бірақ бұл жерде ешқандай қарсымын деген болған жоқ.