Сенат сайлауының алдын ала нәтижесі шықты
Саяси науқанда жоғарғы палатадан орын алуға барлығы 55 кандидат таласты. Әр өңірден ең көп дауыс жинаған 20 кандидат айқындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елдегі сайлау учаскелеріндегі жұмыс таң ата басталды. Алдымен сағат 10-да учаскелер ресми ашылып, таңдаушылардың бірлескен мәжілісін өткізді. Араға 1 сағат салып, дауыс беру басталды. Нәтижесінде түске дейін 20 өңірдің мәлихат депутаттары 20 сенаторды сайлады. Додада дауыс берушілердің белсенділігі жоғары болды. Себебі елдің еңсесі биік, іргесі берік болып, қуатты қоғам құруы үшін бұл сайлаудың маңызы жоғары.
Бақыт Бектемісова, Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Сайлауға негізінен қатысатын – таңдаушылар. Бұл – жанама сайлау. Сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау негізінен өткізіледі. Бұған таңдаушылар қатысады. Таңдаушылар болып біздің Астана қаласы мәслихатының депутаттары қатысады. Бізде – 31 депутат.
Астана қаласында 31 депутаттың 29-ы ресми тіркеліп, дауыс берді. Қалған бюллетеньдер жойылды. Сенат сайлауында ең көп дауыс жинаған кандидаттардың тізімі Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында жарияланды.
Бақыт Бектемісова, Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Дауыс беру аяқталғаннан кейін біздің қалалық сайлау комиссиясы сол жерде дауыс берудің қортындысын шығаруға кіріседі. Оның қортындысы депутаттардың бірлескен мәжілісінде жарияланады. Жалпы республика бойынша сайлаудың нәтиежесін Орталық сайлау комиссиясы шығарады. Заң бойынша 7 күннің ішінде.
Сайлаудың түпкілікті қорытындысы 20 қаңтарға дейін жарияланады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – 6 жыл. Олардың жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып отырады.
Авторлары: Бекзат Аманов, Ырыстанбек Оспанов.