Өңірлерде Сенат сайлауы қалай өтті?
Жергілікті мәслихат депутаттары өз таңдауын жасады.
Жоғарғы Палатаға сенаторларын сайлау өңірлерде ойдағыдай өтті. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиялары мәлімдеді. Байқаушылар да өз міндетін атқарды. Жалпы Сенатқа баратын депутаттарға артылар үміт көп, дейді дауыс бергендер. Себебі өңірлерде шешімін таппаған өзекті мәселе баршылық.
Қонаев қаласында Сенат үміткерді депутатын сайлауға мәслихаттардың 185 депутаты қатысып, өз таңдауын жасады. Кім жеңіске жетсе де артылар үміт зор, дейді олар. Себебі Алматы облысында шешімін күткен әлеуметтік-экономикалық мәселе жетерлік.
Дәулет Жарасбаев, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы:
- Алматы облысында өзекті мәселелер көп. Бірінші ол жер мәселесі, екінші жұмыс орны, ауыл шаруашылықты көтеру деген. Осы орайда мен ойлайымын біздің депуттарымыз осы Алматы облысы мен Астанадығы мемлекет басшыларымен, бәрімен алтын көпір сияқты болады деп ойлаймыз.
Абай облысы
Бүгінгі сайлау былтыр құрылған Абай мен Ұлытау облыстарында да қызу өтті. Абай өңірінде барлық деңгейдегі мәслихаттардан 108 депутат өз таңдауын жасаса, 15-і дауыс беруге қатыса алмады. Сайлау комиссиясы мүшелерінің айтуынша, науқан заң аясында өтті. Ал Ұлытау облысында дауыс берушілердің 88 проценті қатысқан. Олар сайлауға түскен 3 кандидатқа қатысты өз таңдауын жасады.
Бауыржан Шыңғысов, Ұлытау облыстық мәслихатының хатшысы:
-Сенатор деген енді, бүкіл осы, ең басты өміріміздің шешілмей жатқан сұрақтарын жоғары деңгейде үкіметке, заң қабылдағанда да Ұлытау облысына өз үлесін қосады деп сенеміз. Мен өз басым бізді жерге қаратпайды деп ойлаймын. Ертең елден, халықтан бәрінен сұраныс болады ғой, сен сенатор болғанда не істедің деп. Сонда ұялмай, бетке айтып міне осындай-осындай іс-шара қолымнан келгенше жасадым деп айта алады деп мен сенімдімін.
Тараз
Жамбыл облысынан саяси науқанға қатысуға, бастапқыда 5 үміткер өзін-өзі ұсынған болатын. Бірақ кейін оның үшеуі сайлауға түсуден бас тартты.
Көкшетау
Ал Ақмола облысында өткен сайлау қорытындысы бойынша 219 депутаттың 199-ы бір үміткерді қолдаған.
Манарбек Сәдуов, Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Талғат Жүнісовке сайлаушылардың 90 пайызы дауыс берген. Ал 7 адам екі кандидатты таңдаған. Ал сайлауға қатысқан қалған екі кандитатқа 11 адам дауыс беріпті. Айталық, Ақмола облысынан Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелді. Саяси науқанға 219 депутат қатысты.
Талдықорған
Жетісу облысында да ел Парламентінің сенатына депутат сайлау аяқталды. Саяси науқанға қатысуға бастапқыда 7 үміткер өтініш берді. Солардың үшеуі құжаттарын толық өткізіп тіркеуден өткенімен біреуі додаға түсуден бас тартқан. Сөйтіп, облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттың 132 депутаты екі үміткер арасында таңдау жасады.
Тимур Дәуітов, Жетісу облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Сайлау комиссиясының қорытыныдысы бойынша Толамисовқа 100 таңдаушы дауыс берді. Ғабит Тұрсынбайға 29 адам біздің таңдаушылар депутаттар дауыс берді. Қазіргі таңда біздің облыстық сайлау комиссиясы тиісті хаттама жасап, орталық сайлау комиссиясына жеткізеді.
Петропавл
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бүгінгі сайлауда өңірдегі мәслихаттардан 179 депутат қатысқан. Олар екі кандидатқа қатысты өз таңдауын жасады. Ал Шымкентте үш бірдей үміткерге дауыс беру үшін жергілікті мәслихат депутаттары түгел жиналды.
Қайырбек Құнанбаев, Шымкент қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Бүгін өздеріңіз көріп отырсыздар мына диограммадан. Барлық 30 таңдаушы келді және бәрі дауыс берді. Сайлаудың барлық жолы, заңдылықтары сақталды. Байқаушылар, сенімді өкілдер барлығы қатысып отырды. Бәріне қарсымын деген графа қойылған. Бірақ бұл жерде ешқандай қарсымын деген болған жоқ.
Ақтөбе
Ақтөбеде дауыс беру рәсімі «Өнер орталығында» өтіп, дауыс беруге тиіс мәслихат депутаттарының басын қосты. Нәтижесінде 178 халық қалаулысы бүгінгі науқанда Сенатқа барудан үмітті 3 азаматқа дауыс берді. Сайлаудың өту барысын кандидаттардың сенімді өкілдері, БАҚ қызметкерлері және байқаушылар бақылады. Нақты қортындысын кейін орталық сайлау комиссиясы жария етпек.
Аймақтардағы тілшілер көмегімен Әнуарбек Мырзатайұлы