Алматылық депутаттар өз таңдауын жасады
Сенат депутаттарын сайлау бойынша Алматыдағы дауыс беру учаскесінің жұмысы аяқталды.
Қаладағы 38 мәслихат депутатының 37-сі кандидаттарға дауыс берді. Бюллетендерді санау барысында бір таңдаушы барлығына қарсы дауыс берген. Сенаттағы 1 мандатқа қаладан 4 үміткер қатысты. Олар аудан әкімі, колледж директоры және өзге компаниялардың қызметкерлері. Сонымен қатар кандидаттардың бәрі нәзік жандылар.
Станислав Канкуров, Алматы қалалық мәслихатының хатшысы
- Бәрі ашық болды, байқаушылар қатысты, БАҚ өкілдері қатысты. Жалпы 37 депутат біздің таңдаушыларымыз өздерінің дауысын берді. Сайлауға 10 адам құжат тапсырды. Кандидаттыққа 4 адам шықты. Осы сайлаудың ерекшелігі 4 кандидаттың барлығы әйел адамдар.