Сенат сайлауы: сарапшылар пікірі
Сенаторлар алдағы уақытта өңірлерге шығып, жергілікті халықпен кездесіп, өзекті мәселелерді шешуге басымдық береді.
Нақты проблемалар депутаттық сауалдар арқылы қозғалады. Жоғарғы палата жұмысындағы өзгерістер жайлы сарапшылар пікіріне құлақ түрейік.
Елдегі саяси реформалардың нәтижесінде енді Парлмент сенатында 50 депутат болады. Қырқы сайланбалы, қалған 10 депутатты президент тағайындайды. Оның ішінде 5-еуін Қазақстан халқы Ассемблеясы ұсынады.
Индира Рыстина, саясаттанушы:
- Елімізде бүгін үлкен науқан басталып жатыр 2023 жылы болатын сайлау науқандарынң алғышарты осы сайлаумен басталды. Бұл сайлау басқа сайлаудан ерекшелігі жанама форматта өтіп жатр. Яғни халық тікелей сайламайды, жанама дауыс беру арқылы бірінші мәслихат депутаттарын сайлайды. Ал мәслихат депутаттары өз кезегінде Сенат депутаттарын сайлайды.
Бүгін елдегі 3 мыңнан астам мәслихат депутаты таңдау жасады. Осы тұрғыда жергілікті деңгейдегі мәслихат депутаттарының жауапкершілігі зор. Енді әр өңірдің өкілі Сенат құрамын жаңартады.
Индира Рыстина, саясаттанушы:
- Алдымызда тағы сайлау болады. Мәслихат депутаттарының сайлауы. Сол кезде халық депутатты сайлаған кезде тек ғана мәслихат депутатын сайлап қоймай, сол арқылы болашақта Сенат депутаттарын сайлайтынын түсінуіміз керек.
Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы Риззат Елюбаев конституциялық реформалардың нәтижесінде Сенатқа берілген жаңа құзіреттер жайында түсіндіріп өтті.
Риззат Елюбаев, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы:
- Саяси ахуалдың өзгеріуіне байланысты сенаттың да жаңа қызметі өзгереді. Бүгінгі таңда сайланып жатқан депутатар жаңа үрдісте жаңа регламент бойынша жұмыс атқаратын иболады. Сіздер білесіздер сенаттың енді заңды мақұлдау немесе мақұлдамау деген функциясы орнықты. Одан кейні бас прокурорды, жоғарғы сот мүшелерін және төрағасын бекіту бойынша да функциялар енгізілген болатын.
Сенаттың депутаттық мандатын алуға бастапқыда 130 үміткер ниет танытса, оның жартысы тіркеу талаптарынан өтпей қалды. Соның өзінде бір орынға бірнеше үміткер таласты. Сарапшылардың айтуынша, бұл бәсекелестіктің бар екенін көрсетті. Кандидаттар үгіт науқаны барысында сайлауалды бағдарлама жасап, жергілікті маслихаттарда таныстырған. Енді ел сенім артқан өкілдер өңірлік мәселелерді республикалық деңгейде көтереді. Яғни өз аймағының мүддесін қорғауға атсалысады.
Рухани Асқар, Серік Қоңырбаев