Қ.Тоқаев «First Abu Dhabi Bank» акционерімен кездесті
Мемлекет басшысы БАӘ-нің ірі кәсіпкерлерінің бірі – «First Abu Dhabi Bank» акционері Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесу өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Президент компаниялар тобын бірқатар жобаны жүзеге асыруға шақырды. Өз кезегінде Абу-Даби әмірлігінің билік басындағы әулетінің аға өкілі Қазақстандағы жобаларға инвестиция құю жөніндегі жоспарын жеткізді.