Қ.Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентімен кездесті
Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары барысында бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Әмірліктердің Вице-Президенті, Премьер-министр, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесті.
Мемлекет басшысы кездесу барысында Әмірліктерге жасаған ресми сапарының аясында нәтижелі келіссөздер жүргізіліп, елдер арасында маңызды келісімдерге қол жеткізілгенін айта келе, Дубай әмірлігінің билеушісін қарымта сапармен Қазақстанда күтетінін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің іскер топтары арасындағы байланысты әлі де жандандыра түсу қажеттігінін айтып, бұл ретте Астана халықаралық қаржы орталығы байланыс орнатуға мүдделі екенін мәлімдеді. Өз кезегінде шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.