Ә. Нұралиев: Ауыл шаруашылығын дамытуға 20 млрд қажет

Ауылдағы жеке қожалық иелерін несиелендіруге 20 миллиард теңге қажет. Сенатор Әбдәлі Нұралиев жоғары палатаның жалпы отырысында осындай мәселе көтеріп, Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады.


Ауыл шаруашылығы саласының үлесі жалпы ішкі өнімнің 5,5 пайызын құрайды. "Елдің азық-түлік қауіпсіздігі – бірінші кезекте отандық агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен байланысты"-дейді ол. Депутат жеке қожалық иелерін несиелендіру арқылы импорттық азық-түлікке тәуелділіктен арылып, оларды алмастыру үшін ауылдағы егіс алқаптарын тиімді пайдалану керектігін мәлімдеді. Оның айтуынша, еліміздегі 1,5 милионнан аса жеке қосалқы шарушылықты дамытқан жөн. Сондай-ақ Сенатор, «Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру» пилоттық жобасын негізге ала отырып, оның аясында жеке кәсіпкерлер саны артқанын және 589 жаңа жұмыс орны ашылғанын айтты. Аталмыш жоба аясында мал басы ұлғайып, ет және сүт өндірісі де артқанын алға тартты.