Мемлекет басшысы кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен бірге Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиын барысында Мемлекет басшысы референдумда қазақстандықтардың саяси өзгерістерге, соның ішінде Парламентті және мәслихаттарды жасақтау тәртібін жаңартуға қолдау білдіргенін айтты. Өз кезегінде Сенаттың төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжілістің төрағасы Ерлан Қошанов пен Үкімет басшысы Әлихан Смайылов сөз сөйледі. Кездесу соңында Президент барлық айтылған ой-тұжырымдарды ескеріп, нақты шешім қабылдайтынын мәлімдеді.