Парламент Мәжілісі таратылды

Мемлекет басшысының жарлығымен Парламент Мәжілісі таратылды. Сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент кезектен тыс сайлауды 2023 жылғы 19 наурызға тағайындады. Ал мәслихаттардың сайлауын Орталық сайлау комиссиясы белгілейді. 

Айта кету керек, «Енді Мәжіліс депутаттарының 70%-і партиялық тізім арқылы, ал қалған 30%-і бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50%-і бір мандаттық жүйе арқылы, 50%-і партиялық тізім бойынша өтеді. Аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Мұның бәрі саяси бәсекені күшейтеді, саяси жүйенің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, саясаткерлердің жаңа буынының қалыптасуына  жол ашады.