Қ. Тоқаев «Қазпошта» АҚ басшысын қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады. Ол Президентке ұлттық пошта операторының даму стратегиясы жайлы баяндады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсел Жанасова қаржылық жағдайды оңалту, әлеуметтік банкті дамыту және мемлекеттік қызметтерді ұсыну мүмкіндігін кеңейту жоспарда барын айтты. Сондай-ақ «Қазпошта» электронды коммерция мен халықаралық сәлемдемелер саласына басымдық береді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа бизнеске ауылдың әрбір тұрғынына қызмет көрсету және тауар жеткізу мүмкіндігін беру үшін компанияның инфрақұрылымын, логистикалық және бөлімшелік желісін дамытуға қатысты жоспары туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы аймақтардағы пошта операторы жұмысының әлеуметтік маңыздылығына назар аударып, аталған бағыттар жөніндегі стратегияны жүзеге асыру ісін жалғастыруды тапсырды.