Президенттің мәлімдемесінен кейін Мәжілістің VII шақырылым депутаттары пікір білдірді

Олар мемлекет басшысының жарлығын қолдап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экс депутаттар Парламентке келетін жаңа саясаткерлер мен жаңа партиялар халықтың әлеуметтік жағдайы мен елдегі саяси мәселелерді шешуге күш салу керек деп санайды.

Ғазиз Құлахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің VІІ шақырылым депутаты:

- Асығыс-үсігіс ештеңе істелген жоқ. Тіпті осы 2 жыл ішінде ел ішінде 7-ші шақырылым депутаттары тарапынан жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның жүзеге асуы, жер реформасы, олигополия, нарықтағы монополия қалыптасу мүмкіндігі, экономиканың тек шағын топтың қолында кетуі сияқты қоғамды мазалаған және елді дәулетінен айырып жатқан ұстанымдардың бағдарламалардың бірі еді. Сол маңызды мәселелерді рет-ретімен шешу өте маңызды болды.