А. Сарым: Сайлау науқаны тартысты өтеді

"Президент тарихи шешім қабылдады. Алдағы Мәжіліс сайлауының күнтізбесі жария түрде бекітілді. Бұл саяси додаға қатысуға бел буған азаматтарға жақсы мүмкіндік", - дейді Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты Айдос Сарым.

"Енді қоғам белсенділеріне дайындалуға толық уақыт бар. Азаматтар өзін-өзі ұсына алады немесе партиялық тізіммен саяси додағы түседі. Бұл сайлау науқанның қызу әрі тартысты өтуіне әсер етеді", - дейді бұрынғы депутат.   

Айдос Сарым,  ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты:

- Мінекей, бүкіл сайлаудың графигі ашық, анық. Дайындалатын адам, қатысатын адамға толық мүмкіндіктер болды.  Бұл жерде ең басты мәселе тарихи референдумды қабылданған. Содан кейін конституциялық заңдармен бекітілген жаңа саяси жүйе  бойынша сайлау өтеді. Бұның тағы бір ерекшелігі тек қана партиялық тізіммен емес  жеке округтардан да мажаритарлы окгрутардан түсетін мүмкіндіктері бар азаматтардың. Бұл да алдағы сайлаудың науқынды қызу өтуіне, тартысты болуына тікелей әсер етеді ғой деп сенемін.