Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда 5 бюллетень беріледі
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда бір емес, 4 немесе 5 бюллетень болады. Орталық Сайлау Комисиясы мүшесі, Константин Петров осылай деді.
Нақтырақ айтқанда мегаполистерде 4, қалған өңірлерде 5 бюллетеньнен болады. Екіншісі Парламент Мәжілісінің бір мандатты депутаттын сайлауға арналады. Еске салайық бір мандатпен 29 депутат сайланады. Үшінші бюллетень - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың мәслихаттарына арналған партиялық тізім. Яғни мәслихатқа ұсынылатын партиялардың тізімі болады. Төртінші бюллетень - бұл облыстық және республикалық маңызы бар қаланың, астананың бір мандатты округі, онда кандидаттар ұсынылатын болады. Бесінші бюллетень елдің 17 аймағында қолжетімді болады, бұл қалалық немесе аудандық мажо-ритарлық бюллетень болады. Ол аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша бюллетень.
Ал «Барлығына қарсымын» деген бөлім, барлық бюллетеньде болады.