ОСК сайлау тәртібін жариялады

Мәжіліс пен мәслихат пендепутаттарын сайлау, 19-шы наурызда өтеді. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының ұсынысы бар қаулы, бүгін қабылданды.

Алдағы саяси науқанды ұйымдастыруда қандай өзгешеліктер болады?

Сайлаушылар көңілінен шықпаған депутаттың мандатын кері қайтара алады. Егер бір мандатты округ бойынша сайланған депутаты міндеттерін дұрыс атқармаса сайлаушылар оның мандатын кері қайтарып алу мүмкіндігіне ие. Бұл депутаттар жұмысының тиімділігін арттыруға оң әсер етеді дейді сарапшылар. Ал сайлау комиссиясының мүшелері алдағы саяси науқанның өзге де ерекшеліктерін тізіп шықты.

Нұрлан Әбдіров, ҚР ОСК төрағасы:

- Конституциялық нақты бір өзекті шешкен мәселесінің бірі – Мәжіліс осы алдағы VIII шақырылымы толық халықтың тікелей жасырын дауыс беруіне байланысты құрылады. Ассамблеяның өкілдері енді Сенатта отыратын болады. Сенатта бес адам бірақ ол президенттің жарлығымен бекітіледі. Президентке Ассамблея өз ұсынысын беру керек.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда бір емес, 4 немесе 5 бюллетень болады. ОСК мүшесі Константин Петров осылай деді. Нақтырақ айтқанда мегаполистерде 4 бюллетень, қалған өңірлерде 5 бюллетеньнен болады.

Бірінші саяси партия тізімі бойынша мәжіліс депутатын сайлау бюллетені. Екінші бюллетень - бір мандатты мәжіліс депутатын сайлауға арналады. Еске салайық бір мандатпен 29 депутат сайланады. Үшінші бюллетень - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарына арналған партиялық тізім. Төртінші бюллетень - бұл облыстық және республикалық маңызы бар қаланың, астананың бір мандатты округі, онда кандидаттар ұсынылады. Бесінші бюллетень елдің 17 аймағында қолжетімді болады. Бұл қалалық немесе аудандық мажоритарлық бюллетень болады. Ол мәслихат депутатын сайлауға арналған.  Ал «Барлығына қарсымын» деген бөлім барлық бюллетеньде болады.

Нұрлан Әбдіров, ҚР ОСК төрағасы:

- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына депутаттардың 50% мажоритарлық жүйе бойынша, ал қалған 50% партиялық тізімдер бойынша сайланатын болады. Аудандар мен  қалалардың маслихаттарына сайлау толығымен тмажорнитарлық жүйе бойынша жүреді. Мажоритарлық жүйе дегеніміз ол саяси партия емес нақты жеке тұлғалар дауысқа түсетін жүйе.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауды бір күнде өткізу ұйымдастыру жағынан да, шығынды үнемдеуге же және халыққа да ыңғайлы деді ОСК төрағасы. Өйткені бір күнде екі саяси науқан өтеді.