Ерлан Қарин алдағы сайлаудың басты 10 ерекшелігін атады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин алдағы сайлаудың басты он ерекшелігін атады.

Саяси науқанда алғаш рет Мәжіліс депутаттары бір мандатты округтер арқылы сайланады. Екінші, үміткерлерге өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік туып отыр. Үшіншіден, бұл сайлау кезектен тыс болғанымен мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды. Ал партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7-5% төмендетілді. Бесіншіден, әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30% квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады. Енді Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды. Сондай-ақ, алғаш рет Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында «бәріне қарсымын» деген баған сайлау бюллетендеріне енгізіледі. Бұл сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Сонымен қатар облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді. Оныншы ерекшелік, сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді. Республикалық маңызы бар қалалардағы бюллетень саны төртеу болады.