Омбудсмен Артур Ластаев БҰҰДБ-мен ынтымақтастық бағдарламасына түзетулер енгізді

Омбудсмен Артур Ластаев БҰҰДБ-мен ынтымақтастық бағдарламасына түзетулер енгізді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілінің міндетін атқарушы Сухроб Ходжиматовпен кездесті.

Тараптар Омбудсмен институтының БҰҰДБ-мен өзара іс-қимылының тиімділігін атап өтті, сондай-ақ ағымдағы және перспективалы жобаларды қарастырды және ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Атап айтқанда, конституциялық реформа контексіндегі адам құқықтары саласындағы ұлттық заңнаманың соңғы өзгерістерін ескере отырып ынтымақтастық бағдарламасын түзету, сондай-ақ БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің гранттары шеңберіндегі одан әрі бірлескен жобалардың басымдықтары туралы сөз болды.
С.Ходжиматов ұлттық құқық қорғаушы институттың бастамаларын қолдауға дайын екенін білдірді.
Соңында тараптар бұл кездесудің серіктестікті нығайту және құқық қорғаушы қызметінде тәжірибе алмасу үшін ғана емес, сондай-ақ жоспарланған мақсаттарға қол жеткізу үшін алдағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру үшін де зор мәнге ие екенін атап өтті.