Қ. Тоқаев В. Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар сауда-экономикалық, энергетикалық және басқа да салалардағы байланыстарды одан әрі дамыта түсудің маңыздылығын атап өтті.