Парламент мәжілісінің сайлауына кіл мықты кандидаттар түсуі керек

Алдағы Парламент мәжілісінің сайлауына өңірлерден кіл мықты кандидаттар түсуі керек.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стартегиялық зерттеу институтының директоры алдағы науқанға зор үміт артады. Мемлекеттік мықты институтына айналар партиялық жүйе құруға елімізде жағдай жасалып жатыр. «Сөзі өтімді, әлеуметке бет бұрған, салмақты мәселе көтеретін әрі атқарушы биліктен нақты жауап ала алатын парламентті құрудың алғышарты да осы», - дейді Еркін Тұқымов.

Еркін Тұқымов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры:

- Қазіргі саяси реформалар экономикалық реформаларды  тиімді жүргізуге мүмкіндік береді деп үміттенемін. Неліктен? Өйткені соңғы жылдарда экономикадағы тұралауы түптеп келгенде саяси тұралаудан туындаған.  Сәйкесінше, саяси бәсекелестік экономикадағы бәсекелестікке жол ашады. Басқаша болуы мүмкін емес, әлемнің көптеген елдері осы жолмен жүріп өткен. Жеме-жемге келгенде біз жаңа дүниені ойлап тауып отырған жоқпыз. Саясаттағы инклюзивтік экономикадағы инклюзивтікке бастайды.