ЖСДП партия ретінде мәлімдеме жасады

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия да алдағы сайлауға қатысады.

"Өткен науқанда бойкот жариялауды шештік. Енді жағдай өзгерді, заңнамалық шарттар мен билік жүйесінің өзі өзгерді". Саяси ұйым ресми сайтында осындай мәлімдеме жасады. Онда сайлауға саяси жүйені демократияландыру мақсатында қатысатындарын жеткізген.