СҚО мен Саха Республикасы арасындағы ынтымақтастық нығая түспек

Бүгін қос тарап Елордада бас қосып, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық бағыттар бойынша меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан мен Саха республикасы арасындағы тауар айналымын 100 млн долларға жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі көрсеткіш 80 млн доллардан асқан. Келешекте тараптар ауыл шаруашылығы, креативті индустрия, IT саласында тығыз байланыс орнатпақ. Спорт және білім жүйесінде де ортақ жобалар бар.  

Айсен Николаев, Саха республикасының басшысы:

- Біздің экспортқа шығаратын тауарларымыз: алмас, бағалы металдар концетраты, минералды ресурстар. Сіздерден трансформатор, алтынды алып отырмыз. Кино саласында да ортақ жобалар қолға алынды. Біз кино өндірісі бойынша елде 3-ші орынға иеміз. Жалпы өзара тиімді серіктестікті дамытуға әлеуетіміз зор.