Президент Жамбыл облысындағы қолөнершілер көрмесін аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапарының соңында «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі қолөнершілер көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрмеге 29 қолөнершінің түрлі бұйымдары қойылған. Әулиета шеберлерін қазір әлем таниды. Тараз былтыр «Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы» деген мәртебеге ие болды. Бұл қолөнерде өзіндік қолтаңбасы елдерге ғана беріледі. Тараз – бұл тізімге кірген Қазақстандағы алғашқы қала. Жергілікті шеберлер ортағасырлық Таразды заманауи Миланға теңейді. Өйткені мұнда жасалған тері, тоқыма бұйымдар қазіргі бренд заттардан бір мысқал да кем емес дейді. Бүгін тараздық шеберлердің қолынан шыққан дүниеге Президенттің де көзі түсті. Қасым-Жомарт Тоқаев жеті өрім қамшы сатып алды.