Қазақстандық құтқарушылар Түркияға аттанды

Қазақстандық құтқарушылар жасағы Түркияға аттанды.

Тапсырманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев берді.

Борт бірінші кезекте жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп қаласына барады. Бұл шаһар Түркияның оңтүстік аймағында орналасқан. Біздің құтқарушылар қолдан келгенше көмек көрсетеді. Жасақ құрамында Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар. Бүгін таңғы 7 жарымнан бастап жүк ұшағына құтқару құралдарымен, қондырғылармен жабдықталған техника тиелді.  Айта кетейік, Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін Қазақстан бауырлас елге алғашқылардың бірі болып жәрдем беретіндігін жеткізді.

Ибрагим Күлшімбаев, ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі: