Орталық Азиядағы ынтымақтастықты арттыру маңызды

Қазір Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту өте маңызды.

Әлемдегі геосаяси жағдайларға байланысты Қазақстанның тарихи тамырлас елдермен қарым-қатынасы тұрақты болуы қажет. Саясаттанушы Қазбек Май-гелдинов осылай дейді. Бұдан бөлек, сауда-экономикалық,  гумманитарлық және энергетикалық қарым-қатынасты дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар. Саясаттанушының айтуынша, бүгінде көлік-логистикалық бағытты жандандыру қажет. Сол арқылы Қазақстан тауарын Орталық Азия мемлекеттері мен өзге де елдерге жөнелту мәселесі едәуір жеңілдейді. 

Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы:

- Орталық Азия мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық мәселесі шын мәніңде өзінің бір жаңа бетін ашып жатыр деп айтуға болады. Тәуелсіздік алғаннан кейін 5 мемлекет арасында бұған дейін да терең тарихи тамыр жатыр. Ұлы жібек жолының негізгі күре тамыры тірегі ретінде осы ОАМ болған. Тіл, дін жағынан болсын біздің ортақ таритхымыз бар. Қазірдің өзінде Орталық Азия мемлекеттерінің сауда қарым-қатынасының деңгейі 16 млрд долларға жетті. Бұны одан әрі ұлғайту көзделіп отыр. Бірақ ол үшін бізге ортақ заңнамалық актілер керек. Қандайда бір ортақ алаң керек.