«AMANAT» партиясы сайлауға кандидаттарын ұсынды

«AMANAT» партиясы мәслихаттарға 3821, Мәжіліске 119 кандидат ұсынды.

Жаңа құрамда барлық өңір мен саланың өкілі бар. Бұл жайында бүгін партияның кезектен тыс съезінде белгілі болды. 800 мыңнан аса мүшесі бар саяси ұйымның тізімі 75 процентке жаңарған. Оның үштен бірі әйелдер. Кандидаттардың әрбір бесіншісі – жас буын. Кезектен тыс съезде партияның сайлауалды бағдарламасы да қабылданды. Ал, құжаттың өзі үгіт-насихат жұмысы басталған күні жарияланады. «Біз тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз» деген партия төрағасы Ерлан Қошанов қатарларының көбейгенін де атап өтті. Соңғы тоғыз айдың өзінде 30 мың адам «AMANAT-қа» мүше болған.

Ерлан Қошанов,"Amanat" партиясының төрағасы:

- От ауызды, орақ тілді айтыскер ақын Ринат Зайытов кеше ғана қатарымызға қосылды. Енді ұлт тағдыры руханиятымызға қатысты мәселелермен бірге айналысамыз. Жер аманатын арқалаған белгілі заңгер Бақытжан Базарбек те осында. Честный, принципиальный журналист, со своим мнением и конкретной позицией  – Сергей Пономарев готов идти с нами. Қазақстан вакцина ойлап тапқан алғашқы мемлекеттердің қатарында. Кешегі пандемия кезінде осы игі істің басы-қасында болған Күнсұлу Закарьяның орны ерекше. Одан бөле vқаншама танымал жастарымыз жұдырықтай жұмылып отыр. Әр қайсының өз орны, өз өмір тарихы бар. Біздің үміткерлер партияны әділ де таза жеңіске бастайды деп кәміл сенемін!