Атырауда Жастар саясаты жөніндегі кеңес өтті

Атырауда Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті. 

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин төрағалық еткен жиында Президент тапсырмасымен дайындалған Жастар саясаты жөніндегі тұжырымдаманың жобасы таныстырылды. Сондай-ақ отырыста "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасында айтылған негізгі мәселелер қаралды. Атап айтқанда, жас қазақстандықтардың көзқарасы, сұранысы және құндылықтары жайында ақпарат берілді. Ерлан Қарин маңызы бар шешімдерді қабылдауға  жастарды тарту нәтиже бергенін жеткізді. Қазірдің өзінде Кеңестің бірқатар мүшесі саяси ұйымның партиялық тізіміне енген, кейбірі Парламент Мәжілісіне бір мандатты округтер арқылы сайлауға түсіп жатыр.