Б. Сәрсенбаев: Дәстүрлі діндер съезі Астана беделін биіктетті
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Астана беделін биіктете түсті. Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев осылай дейді.
Ол Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде болып, студент, магистр және PhD докторларына дәріс оқыды. Орталық басшысы былтыр Астанада өткен VII съездің қорытындылары туралы айтып, оның халықаралық аренада бейбітшілік пен келісім идеяларын жылжытудағы ерекше рөлін атап өтті. Сондай-ақ студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына бейбіт өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың және конфессияаралық диалогтың қазақстандық моделімен таныстырып, ғылым мен сапалы білім беру арқылы қалыптасатын толеранттылықты тәрбиенің маңыздылығына тоқтады.
Қайрат Құрманбаев, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің проректоры:
- Осы жылы секретариат өтеді. Соған да дайындық барысымен, оған келетін қонақтар, оның ішінде беделді, үлкен осы дін басыларын, әлемдік діндердің көшбасшыларын да шақыруды көздеп отырғандығын атап өтті. Бұл Мемлекет басшысының да тікелей қадағалауында екенін атап өтіп, оның бізге елімізге және әлем жұртшылығына беретін пайдасын қозғап өтті.