«Назарбаев Университеті» Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

primeminister.kz

Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Назарбаев Университеті» Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысын өткізді.

Мұнда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жайы, оның коммерциялық жүйесін жетілдіру мәселесі сөз болды. Медицина мектебінің Астана фармацевтикалық кластерін дамыту, Университеттің ауқымды жобаларының бірі. Бұл Мемлекет басшысының дәрі-дәрмек, медицина жабдықтарының  отандық үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында  іске асырылып отыр. Өткен жылы оқу орынының ғалымдары бірнеше патенттер, халықаралық гранттарды жеңіп алды. Мысалы, былтыр енгізген тың жаңалықтарының бірі аутизмнен емдеуде роботтарды пайдалау жобасы. Қазір ол еліміздегі 22 оңалту орталығында қолданылады.