Қазақстанға Британияның Сыртқы істер министрі келеді

Наурыздың 18-і күні біздің елге Ұлыбритания сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли келеді.

Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қабылдауында болады. Бұл туралы Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады. Сапар аясында бірқатар келіссөз жүргізіледі. Сондай-ақ, елордада Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-шінің атындағы саябақ ашылады.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- 2023 жылғы 17-18 наурызда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама корольдігінің Сыртқы істер, достастық және даму министрі Джеймс Клеверлидің Қазақстанға сапары өтеді. Қазақстан сыртқы істер ведомствосының басшысымен келіссөздер ұйымдастырылады. Сапар аясында Астанада саябақтарында II Елизавета скверінің ашылуы көздеуде.