«Байтақ» партиясының өкілдері дәрігерлермен кездесті

«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері дәрігерлермен кездесті.

Саяси ұйым төрағасы елордадағы көпсалалы әлеуметтік-медициналық мекемелердің бірінде сайлауалды бағдарламаны таныстырып, сауалдарға жауап берді. Дәрігерлер қоғамдағы түйткілді мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстарын айтты. Жүздесу барысында партия белсенділері елде жүргізіліп жатқан саяси реформа төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Жалпы «Байтақ» партиясының өкілдері бүгінге дейін 3 жарым мыңнан астам кездесу ұйымдастырды.  Енлі республикалық штаб өкілдері оңтүстік өңірлерді араламақшы. 

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:

 - Үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Республикалық штаб пен барлық аймақтағы штабтардың жұмысы бақылауда. Халықтың ынатсы сайлауға деген жоғары. Сайлаудан үлкен үміт күтіп отыр.