Премьер-министр сайлауда өз таңдауын жасады
Ел Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Үкімет басшысы өз таңдауын Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде жасады.
Одан кейін Әлихан Смайылов қазіргі Министрлер кабинеті отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл шешім Ата заңымыздың 70-ші бабына сәйкес қабылданды.