Exit poll сауалнама жүргізіп жатыр

Сайлау учаскелері ашыла сала Еxit poll-дың сауалнама жүргізушілері жұмысқа бірден кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Еуразиялық интеграция институтының өкілдері жұмыс барысы қалай жүріп жатқанын ашық айтты. Олар қаладағы сайлау учаскелерінің сыртында Қоғамдық пікірге сауалнама жүргізіп жатыр. Жиналған ақпаратты дауыс берудің алдын ала нәтижесін шығару үшін талдауға жібереді.  Өз мәліметтерін, ресми деректермен салыстырып отырады. Ұйым өкілінің айтуынша, Еxit poll сайлау нәтижелерін әдейі бұрмалауға жол бермеу үшін қажет.

Ляйсян Ибраимова, Еуразиялық интеграция институтының сауалнама жүргізушісі:

- Біз таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін сауалнама жүргіземіз. Сайлау учаскелеріне келген дауыс берушілерден сұхбат аламыз. Яғни, қай партияға және қай депутатқа дауыс бергенін сұраймыз. Бұл жерде адамдардың аты-жөні құпия болады. Барлық мәліметті