Түркияда ең көп сайлаушы тіркелді. LIVE
Ал Түркияның 3 қаласында 3 сайлау уческесі жұмыс істеп тұр. Ол жерде 2 мыңға жуық отандасымыз дауыс беруге тіркелген. Бұл шетелдегі ең үлкен көрсеткіш саналады. Түркиядағы сайлау науқаны қалай ұйымдастырылған? Отандастарымыздың белсенділігі қандай?
Меруерт Қанағат, тілші:
- Түркияда сайлау 2 сағат бұрын басталды. Елде 3 қалада сайлау учаскелері ашылған. Осындағы дауыс берушілер Анкара, Ыстамбұл мен Анталиядағы дипломатиялық өкілдіктерінде дауыс бере алады. Онда шамамен 2 мыңға жуық азамат тіркелген. Мен қазір Түркия астанасындағы №286 сайлау учаскесінде тұрмын. Елде дауыс берушілердің денін Түрік университеттерінде білім алушы жастарымыз, халықаралық ұйым өкілдері, дипломаттар мен туристтер құрап отыр. Шетелдегі дауыс берушілер бір ғана бюллетень беріледі. Онда азаматтарымыз таңдау жасай алады.
Табиғи апаттан кейін университеттер түгел қашықтан білім беру жүйесіне көшті. Осы себепті жоғарғы оқу орындарында оқитын отандастарымыздың бір бөлігі елге оралды. Дегенмен соңғы 2 жылда түрік университеттеріне түсуші қазақстандықтардың саны едәуір артқан.
Айта кетерлігі, 3 бірдей сайлау учаскелерінде де арнайы топтағылар үшін жылжымалы дауыс беру жәшігі қарастырылған. Ем іздеп, мұхит асып келгендер де бұл қызметті қолдана алады.