Қостанай облысында 550 мың адамның дауыс берге құқығы бар

Қостанай облысында жарты миллионнан аса адам саяси таңдау жасау құқына ие, деп хабарлайды «Хабар 24».

№2 сайлау учаскесінде, 2,5 мыңдай дауыс беруші тіркелген. Олар таң сәріден отбасымен, туыс-туғандарымен келіп, таңдау жасады. Мұнда тұңғыш, дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар үлестіріліді. 18 жасқа толған 7 азамат тәттілерге ие болды.

Жалпы, аймақ бойынша облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына 758 кандидат ұсынылған. Ал Парламент Мәжілісіндегі бір орынға 10 үміткерден келіп тұр.

Елена Хрипушина, №2 сайлау учаскесінің төрағасы:

- Бұл – ерекше сайлау. Дауыс берушілер ақпараттық тақтадан керекті мәліметті алу мүмкіндігіне ие. Кандидаттармен, партиямен таныса алады. Әзірге бәрі ойдағыдай өтіп жатыр.