Астанадағы №168 сайлау учаскесінде 2500 адам тіркелген
Ол ашылған небары 1 сағатта, тіркелгендердің 10 проценттен астамы дауыс беріп үлгерген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Аталған учаске Астана қаласындағы ірі дауыс беру орындарының бірі болып есептеледі. Сондықтан мұнда саяси процесті бақылау мақсатында отандық және халықаралық деңгейдегі 20-ға жуық байқаушы отыр.
Атап өткен жөн, қазіргі уақытқа дейін дауыс беру ісінде заңға қайшы әрекеттер тіркелген жоқ. Осы учаскеге тіркелгендер арасында Мемлекеттік басқару институтының директоры, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Ұлттық Құрылтай мүшесі Зұлфұхар Ғайыпов та бар.
Зұлфұхар Ғайыпов, Мемлекеттік басқару академиясы институтының директоры:
- Бірінші рет Қазақстан тарихында көп партияның сайлауға қатысуы. Бұл, біріншіден, біздің елдегі саяси партиялардың эвалюциясын көрсетеді. Екіншіден, саяси жүйенің де осы реформаларға үлкен күш бергенін көрсетеді. Парламентке өткен саяси партия мен тұлғалары елдегі мықты Президент,ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет қағидасымен жұмыс істеуге мүмкіндік ашады.