Оралда зиялы қауым өкілдері ел келешегі үшін таңдау жасады
№439 сайлау учаскесінде ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева дауыс берді.
«Биылғы сайлауда халықтың белсенділігі жоғары, өйткені олар саяси жүйеден жаңа өзгерістер күтеді», - деді қаламгер. Ол Мәжіліс пен мәслихаттарда жаңа есімдер көбейеріне сенім білдірді.
Ақұштап Бақтыгереева, ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері:
- Жастардың таңдауы мол болады. Бұрынғыдай біреу емес, екеу емес. Сондықтан жылдан-жылға біздің қоғамның есеюі деп түсінемін. Біздің болашағымыздың жаңаруы деп түсінемін.