Талдықорғандық шаруа түйемен келіп, дауыс берді
Талдықорғандық Ұлан Байзақов есімді шаруа, өзі тіркелген сайлау учаскесіне түйемен келіп, дауыс берді.
Ол №419 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып жетті. Қалада Ойсыл-қара тұқымын мініп жүрген, түйешіні көрген тұрғындар, бұл көрініске таң қалып, дән риза болды. Ал Ұланның жанына ере келген бір топ өнерпаз баянмен ән шырқап, халықтың көңілін бір көтеріп тастады. 15 жылдан бері түйе ұстаумен айналысып жүрген Ұлан Байзақов, Ойсыл-қара төлінің пайдасын насихаттап, таныстыру негізгі міндеттерімнің бірі деп санайды.
Ұлан Байзақов, қала тұрғыны:
- Өзіміздің «крестьянское хозяствоның» атынан жігіттермен бірге келіп, сайлауға өз дауыс беріп жатырмыз. Енді Қазақстан жасай берсін! Жақсылықтар бола берсін! Жаңағы мереке Наурыз құтты болсын! Бәріңізді құттықтаймыз біз! Жаңа өзгерістер болады деп соған сенеміз!