Сайлаудағы заң бұзушылықтың 9 дерегі анықталды
Таңнан бері сайлау заңнамасын бұзудың 9 фактісі анықталды.
Олар Алматы, Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстарының аудандарында тіркелген. Бас прокуратураның мәліметінше аталған өңірлердегі сайлау учаскелерінде туған-туысқандарының атынан дауыс беру үшін бюллетеньдер бөтен адамдарға таратылған. Қазір заңбұзушылыққа жол берген комиссия мүшелері жұмыстан шеттетілді. Енді оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту шарасы қабылданып жатыр. Бұдан бөлек прокуратура органдарына ықтимал заң бұзушылықтар жайлы 32 өтініш келіп түскен. Қазір шағымдар бойынша өңірлерде тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.