Ақмола облысында халықтың сайлауда белсенділігі жоғары
Қосшы қаласындағы соғыс ардагері Нұрқасым Әжітаев сайлау учаскесіне өзі барып дауыс берді.
Жасы 100-ге таяған қарт жауынгер елдегі саяси науқаннан қалыс қалып көрген емес. Жалпы, Ақмола облысындағы халықтың белсенділігі жоғары.
Абзал Азаматұлы, тілші:
- Біз қазір қаланың орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайындамыз. Мұнда бір емес, 2 бірдей сайлау учаскесі орналасқан. Әрі екеуі де ең ірі бөлімшелер. Комиссия мүшелерінің айтуынша, қала тұрғындары таңғы 7-ден бастап-ақ белсенділік танытқан. Қазірге дейін облыс бойынша халықтың 60 процентке дауыс беріп үлгерді. Біз жаңа №19 сайлау учаскесінің төраға орынбасарымен сұхбаттасқан болатынбыз. Соған кезек берсек.
Гүлжан Ержанова, №19 сайлау учаскесі төрағасының орынбасары:
- Сайлаушылар үшін жақсы жағдай қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы дауыс беру орындары да бар. Халықтың белсенділігі жаман емес. Бізде 2190 адам тіркелген. Соның 500-ден астамы дауыс берді. Әлі де уақыт бар. Кешке дейін келеді деп ойлаймыз.
Абзал Азаматұлы, тілші:
- Жалпы облыс бойынша 500 мыңнан астам азамат дауыс беруге құқылы. Аймақта 728 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Саяси науқанның аяқталуына санаулы сағаттар ғана қалды. Сол себепті жергілікті тұрғындар әлі де дауыс беріп үлгіреді.