Жетісу облысында ғасырмен құрдас қария дауыс берді
Жетісу облысында түйешілер мен қатар көкпаршылар да дауыс берді.
Қаратал аудандық «Көкпар ойыны» федерациясының мүшелері Жаңа-талап ауылындағы сайлау учаскесіне барды. Жиырмадан аса білекті жігіт өз таңдауын жасады. Тұлпарын тізгіндеген жастармен бірге егде жастағылар да белсенділігін танытып жатыр. Мәселен, Талдықорғанда жүз жастағы Ысқақ Құсайынов қария бала-шаға, немерелерімен бірге азаматтық борышын орындады. Ғасыр куәгері Әз-Наурыз мерекесі алдындағы саяси науқанды жақсылыққа балап, көпшілікке ақ батасын арнады.
Ысқақ Құсайынов, соғыс ардагері:
- Құдай оңдап, Қыдыр қолдап бала шаға аман болып, ойлаған мақсаттарыңа жете бер. Аллаху әкпар.