Тізімге енгізілген азаматтардың 54,09% дауыс берді
Еліміздің батысында дауыс беру жаңа ғана аяқталды.
Өзге өңірлердегі сайлау учаскелері бір сағат бұрын жабылды. Сағат 20:00-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 54,09 пайызы бюллетень алды. Яғни, Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, елдің басым бөлігінде сайлаушылардың жартысынан көбі таңдау жасады. Осы саяси науқанда Қызылорда облысының тұрғындары белсенді болды. Өңірде сайлаушылардың 66,46 пайызы дауыс берген. Одан кейінгі орында 65,25 пайызбен Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Ал ең төменгі нәтиже Алматы қаласында. Шаһарда, дауыс бергендер саны 25,82 пайызды көрсетті.