Сеул мен Токиода дауыс беру аяқталды
Оңтүстік Корея мен Жапонияда дауыс беру аяқталды.
Сеулдегі 258 сайлау учаскесі Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де жабылды. Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары болды. Әсіресе Корея университеттерінде оқитын студенттер мен қазақстандық туристердің қарасы қалың. Сеул марафонына қатысушылар өз таңдауын жасау үшін Қазақстан елшілігінің ғимаратына арнайы барды. Бүгін таңғы сағат 7-ден кешкі 20.00-ге дейін дипломатиялық өкілдік ғимаратының қауіпсіздігін Сеул полициясы қамтамасыз етті.
Аслан Асқар, 258 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы:
- Бүгін белсенділік өте жоғары болды. 92 пайыз азаматтарымыз сы жерде дауыстарын берді. Түгел мен санағанда 121 адам болды. Белсенділік жақсы артылды. Сайлау процесінде бүгін бізде 1 байқаушы болды. Ол ТМД елдерінен парламентаралық өкілі болды. Сонымен қатар біздің елшілікке қарама қарсында полиция өз жұмысын атқарды. Жалпы ешқандай кедергісіз бұзышылық болған жоқ.
Жанель Болысбек, студент:
- Өз дауысымды беру үшін келдім. Өйткені мен жас болып, өз болашағын тандағым келіп тұр.
Қытайда сайлау учаскелері жабылды
Қытайда да Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де сайлау учаскелері жабылды. Бұған дейін хабарлағандай, Қытай Халық республикасында азаматтарымыз 3 сайлау учаскесінде дауыс берді. Келушілер орташа есеппен 98 пайызды құрады. Студенттер, дипломаттар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ осы елде жұмыс істейтін ел азаматтары өз таңдауларын жасады. Дауыс берушілер санының өсуіне Қытайдағы коронавирусқа байланысты шектеулер алынып, шекараның ашылуы ықпал етті.
Болсын Қамбарұлы, халықаралық мектептің мұғалімі:
- Бүгін бір ұлы күн деп есептейміз. Бүгін отбасымызбен келіп отырмыз Бейжіңдегі сайлау учаскесіне. Жаңа Қазақстанға үмітіміз көп. Сол үшін бүгін өзім де ойлаймын ақ түйенің қарны жарылған күн. Үлкен үміттеріміз бар. Жаңа Қазақстан шынымен де үлкен жетістіктерге жеткен үміттеміз. Енді барлық елімізге тілейтініміз амандық, тыныштық, бірлік, ынтымақ.
Әбітқазы Тасқын, CNPC зерттеу институтының инженері:
- Кез келген шараларға Елшіліктің ұйымдастырған қатысып тұрамыз. Осы жерде жұмыс жасаған, студент болып, одан кейін жұмыс жасағанда да тұрақты келіп тұрамыз. Енді ол келу себебім негізі әрине әрбір Қазақстан Республикасының азаматтарының борышы деп есептеймін. Алдағы үміттер енді үлкен бір өзгерістер күтеміз деп есептеймін, үлкен бір серпілістер болса деп ойлаймыз.