Партиялардың төрағалары дауыс берді
Сайлауға түскен партиялардың төрағалары да саяси науқаннан тыс қалмады.
Астанада өз учаскелерінде азаматтық таңдауын жасап, осы науқанға қатысты ойымен бөлісті. Бірі сайлаудың әділ өтуі маңызды екенін айтса енді бірі, сайлаушыларға алғысын жеткізді.
Саяси науқанда тартысқа түскен партиялардың ішінде алғашқылардың бірі болып "АМАНАТ" төрағасы дауыс берді. Бюллетеньді сайлау жәшігіне салған соң сұхбат берген Ерлан Қошанов кемел қоғам қалыптасу үшін, сайлаудың әділ өтуі маңызды екенін айтты.
Ерлан Қошанов, "Amanat" партиясының төрағасы:
- Сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Үгіт-насихат жұмыстары аясында еліміздің барлық аймағын аралап келдік қой. Халықтың соншалықты белсенді , бүгінгі өмірге араласуға деген белсенділігі, бүгінгі саяси тағдырып өздері шешуге, соған деген құлшынысын біз байқадық. Менің ойымша, сайлау әділ өтеді.
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев сайлауға жұбайымен бірге келді. Олар елордадағы нөмірі 66 мектеп-лицейінде орналасқан 113-ші сайлау учаскесінде дауыс берді. Еске салайық, бұл саяси ұйымнан партиялық тізіммен Парламент Мәжілісіне 25 кандидат ұсынылып жатыр.
Әли Бектаев, "Ауыл" партиясының төрағасы:
- Көптеген нәрселер өзгереді. Болашақта біздің халқымыздың тұрмыс-тіршілігін жақсартуда көптеген жұмыстар атқарылады деген сеніммен келіп қатысып отырмын отбасыммен келіп.
Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров “Астана Опера” театрында өз таңдауын жасады. Мәдени мекемеде нөмірі 393-сайлау учаскесі орналасқан. Айта кетейік, партия атынан Мәжіліс депутаттығына 23 үміткер ұсынылды.
Айдарбек Қожаназаров, Respublica партиясының төрағасы:
- Бүгін шынайы тарихи оқиға. Қараңызшы, қаншама партия қатысып жатыр. Біздің ойымызша өткен 26 күн өте қызық болды. Біріншіден, әділдік.
Ал Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев елордадағы №137 учаскеде дауыс берді. Саяси ұйым басшысы бұл сайлау тарихи әрі нағыс бәсекеге толы екендігін атады. Айта кету керек, бұл партия атынан мәжіліске 60, ал мәслихаттар депутаттығына 500-ге жуық кандидат үміткер ретінде тіркелген.
Ермұхамет Ертісбаев, ҚХП төрағасы:
- Парламенттік сайдау науқаны - бұл шынымен де Жаңа Қазақстанды құрудағы алғашқы ірі қадам. Халықаралық жағдайларға қарамастан Президентіміз өз сөзінде тұрды.
Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы әділ өтетініне сенімді "Байтақ" Жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай №52 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ал «Ақ Жол» партиясының Төрағасы Азат Перуашев 122-ші сайлау учаскесінде азаматтық таңдауын жасап, саяси науқанға атсалысқан штаб мүшелеріне алғысын айтты.
Азат Перуашев, "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы:
- Енді алдымен баршамызды осы бүгінгі сайлаумен құттықтаймын. Бұл расында да меніңше жаңа Қазақстанға қадам. Склейка Әрі қарай Президент Тоқаев айтқандай басқа да енді реформалардың өзгерістердің жаңа бір толқыны болайын деп отыр.
Осы науқанға қатысқан тағы бір саяси ұйым Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы. Оның төрағасы Асхат Рахымжанов номері 158-ші сайлау учаскесінде дауыс берді. Айта кетейік, бұл партия атынан Мәжіліс депутаттығына 19 кандидат ұсынылып отыр.
Асхат Рахымжанов, ЖСДП төрағасы:
- Сайлауалды науқан аясында үгіт-насихат жұмыстарын жақсы атқардық деп ойлаймын. Жоспарымыз жүзеге асты. Белгіленген меже орындалды. Еліміздің барлық өңіріндегі тұрғындармен келелі кездесулер өткіздік. Бүгін міне, өз таңдауымды жасап, дауыс бердім.
Парламентке өту үшін жеті партияның әрқайсысы кем дегенде 5% дауыс жинау тиіс. Егер 5%-ды тек бір ғана партия жинаса, онда Парламентке автоматты түрде дауыс саны бойынша содан кейін тұрған партия өтеді.
Ғазиза Мұхамеджанова