Алматы бойынша 602 сайлау учаскесі жұмыс істеді
Бүгінгі сайлауда Алматы қаласы бойынша 602 сайлау учаскесі жұмыс істеді.
Қарапайым қала тұрғындарымен бірге танымал өнер адамдары, қоғам қайраткерлері таңмен таласа азаматтық ұстанымдарын білдірді. Тіпті, 107 жастағы кейуана да саяси науқанға қатысып, ақ тілек батасын берді. Алматыда бір миллион 200 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.
Сайлау-демократияның көрінісі. Ал саяси мәдениет- мемлекет дамуының негізі. Сондықтан кез-келген азамат өзінің болашағына бей-жәй қарамай сайлау науқанына белсенді түрде атсалысуы тиіс,-дейді Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева.
Роза Рымбаева, Қазақстанның халық артисі:
- Осы жастарымыз алдағы уақытта барлық күш жігерін энергиясян білімін осы біздің Қазақстанымыздың өсіп өркендеуіне, еңбек етсе екен деп, сондай сенімменен біз дауыс беріп жатырмыз.
Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының негізін қалаушы Мұрат Құсайынов кандидаттардың арасында жастардың көптігіне қуанышты. Оның пікірінше бұл сайлау –жақсы өзгерістердің бастамасы болуы тиіс. Парламенті мықты елдің төрт құбыласы тең болары анық.
Мұрат Құсайынов, "Дос-Мұқасан" тобының негізін қалаушы:
- Біздің ел бақытты болуға нағыз құқығы бар. Себебі осындай байтақ жерді ата-бабамыз сақтап қалған біз үшін. Біз оны арықарата алып жүруіміз керек. Және жастарды біз дұрыс тәрбиелеумз керек. Өзіміз дәстүрмізге, тілімізге, жалпы біздің өнерімізге тіптен.
2004 жылдан кейін алғаш рет аралас сайлау жүйесіне көшіп отырмыз. Мысалы, Алматыда Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандатты үш аумақтық сайлау округі құрылды. Өзін өзі ұсынушылар арасындағы бәсеке жоғары болды. Ең көп дауыс жиған үш кандидат Мәжіліс депутаты атанады. Демек, заң шығарушы билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туып отыр.
Ақылбек Күрішбаев, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры:
- Бұрын текқана партиялық тізіммен келетін Парламентке. Ал енді партияда жоқ азаматтарымыз бар ғой. Олар қалай болады? Қалай сайланады? Сондықтан 30 пайыз соларға беріліп отыр. Партияға кірмейтін азаматтар өздерін өздері ұсынып қазір осылай Парламентке келеді. Меніңше енді осы жүйемен келетін болсақ қазір көптеген мықты азаматтарымыз, елден шыққан азаматтарымыз сол Парламентке келетін болады.
Бүгінгі саяси науқаннан қалыс қалмаған қала тұрғындары да баршылық. Соның бірі 107 жастағы Ханша Қарсыбаева. Шаһардың ең қарт тұрғыны өзі тіркелген сайлау учаскесіне немере, шөбере және шөпшектерімен бірге келген. Талай тарихи оқиғалардың куәсі Ханша әже өз таңдауын жасап, аналық ақ батасында берді.
Ханша Қарсыбаева, дауыс беруші:
- Қарақтарым, аман-есен болып, ел-жұртың аман болсын! Жұмыстарың алға басып, абиырлы ақ жүзді болыңдар қарағым! Енді аман-есен болыңдар әкелерім! Ел іргесі аман болсын!
Жалпы Алматыда 1 миллион 200 мыңнан астам адам дауыс беру құқына ие. Қаладағы әскери бөлімдер мен медициналық мекемелердегі 70 сайлау учаскесіндегі дауыс беру процесі өзгелерінен ерте аяқталды. Алматыда саяси науқанды 20-дан аса шетелдік байқаушы қадағалады. Қазақстандық қоғамдық ұйымдар мен партиялардың өкілдері де болды. Бір мандатты окргутер бойынша өзін өзі ұсынған кандидаттардың сенімді өкілдері де саяси науқанның бел ортасында жүр.
Аршын Кемелжан, Әбен Нарымбаев