Атырау облысында дауыс санау жүріп жатыр

Ал қазір Атырау облысында санау жұмыстары жүріп жатыр. 

- Облыста қанша адам дауыс берді?

Асланбек Шығыр, тілші: 

- Қазір Атырау облысындағы 269 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталып, санау жұмыстары басталды. Жалпы өңірде 412 165 адам дауыс береді жоспарланған. Сағат 18:10-дағы ақпар бойынша соның 49,19 проценті өз таңдауын жасаған. Біз қазір №40 сайлау учаскесіндеміз. Мұнда 2280 адам тіркелген. Енді соның қаншасы дауыс беріп үлгерді, оны осы сайлау комиссиясының төрағасынан білейік. Жанна Жәукенқызы, қанша адам дауыс берді? Тұрғындардың сайлауға белсенділігі қандай?

Жанна Көшенова, №40 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

Асланбек Шығыр, тілші:

- Өңірде 445 кандидат тіркелді. Оның 12-сі Мәжіліс депутаттығынан үмітті. Бұл сайлаудың бұрынғыдан өзгерек екенін айттық. Мінекей комиссия мүшелері санақты бастады. Тағы бір қуанышты жаңалық: еліміз үшін саяси маңызды күнде 17 сәби өмірге келген. Айта кетейік, облыстағы кен орындарында жұмыс істейтін жұмысшылар да өз таңдауларын жасады. Олар үшін арнайы дауыс беру пункттері жұмыс істеді. Жалпы атыраулықтардың сайлаудан күтері көп.