АҚШ-та үш сайлау учаскесі жұмыс істейді
Бүгін АҚШ-та үш сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Ол Вашингтон, Нью-Йорк және Сан Франциско қалаларында ашылды. Қазақстан азаматтары таңғы жеті мен кешкі сегіздің арасында таңдау жасай алады. Америкада дауыс беретін қанша адам бар?
Нұрбек Бекен, тілші:
- АҚШ-да жалпы саны төрт жүздей адам дауыс беруі мүмкін. Оның ішінде осы елде уақытша тұрып жатқандар, жұмыс бабымен келген азаматтар, білім қуып жүрген студенттер жəне елшілік қызметкерлері бар. Ең бірінші болып Вашингтонда жұмыс бабымен жүрген Назерке Төлеубай дауыс берді. Айта кетейік, тəртіпке сай шетелде дауыс берудің өзіндік ерекшелігі бар. Бюлетендерде Мəжіліске сайлауға түсіп жатқан партиялардың ғана тізімі болады. Яғни, өз өзін ұсынғандар мен мəслихат депутаттығына үміткерлер қосылмайды. Демек, шетте жүрген қазақтар саяси партиялар арасынан таңдау жасай алады.
Абай Бескен, сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
-Өздеріңіз білетіндей АҚШта мекендейтін отандастарымыздың көлемі ауқымды. Дауыс беру қарқыны жоғары болады деп күтілуде. Неге десеңіздер бүгін бірер сағаттан кейін наурыз атап өтіледі. Сондықтан қазақ диаспорасы өкілдері хабарласып, жолшыбай бірінші елшілікке соғып дауыс беріп, одан кейін мейрамды атап өту жоспарлары бар.
Нұрбек Бекен, тілші:
Жалпы уақыт айырмашылығына байланысты əлем бойынша ең соңғы болып АҚШ-тағы учаскелер жабылады. Соның ішінде Сан-Франциско Астана уақытынан 13 сағат артта болғандықтан, әлемде ең соңғы болып осы қаладағы учаске жұмысын тоқтатады.