Биылғы сайлауда жастар белсенділік танытып жатыр
Бұл саяси науқанға деген сенімнің артуы мен болашаққа деген жауапкершіліктің күшеюінің көрінісі.
Сарапшылар осылай дейді. Олардың айтуынша, сайлау жүйесіндегі серпіліс қоғамды демкоратияға жетелейді. Сондай-ақ, көппартиялы Парламент те елдің дамуына үлкен әсер етеді. Тек сайланған депутаттар енді уәдесінен тайқымай, белсенді болуы керек.
Жамбыл Тлепов, жастар департаментінің директоры:
- Бұл сайлау шыны керек, мүмкіндіктер сайлауы деп айтсам болады. Өзін ұсынған тізімді қарап отсақ,жастар өте көп. Бұл қуантады. Жастардың осындай мемлекетке қызмет етуге деген құштарлығын көрген кезде қуантады. Кезінде Мағжан Жұмабаев атамыздың сөзі ұран болып қалып кетті ғой мен жастарға сенемін деген. Осы сөз жүзеге асып жатыр деп ойлаймын.
Бақыт Әлмұратов, әлеуметтанушы:
- Бұл демократиялық жағынан да дұрыс нәрсе. Өйткені бұл халықтың саяси белсенділігін арттырады. Қазір байқасаңыздар қазіргі сайлау бұрынғыға қарағанда дауыс берушілер көптеп келіп жатқанын көруге болады. Өйткені, үлкен бәсекелестік бар. Үгіт-насихат кезінде көптеген сайланушылар өздерінің үгіттерін белсендірек жүргізді.